Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен көшелерінде баласымен жалаңаш жүрген әйелдің видеосы желіде тарап кетті

Опубликовано:

Фото
Фото: Видеодан кадр/Әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде жалаңаш әйелдің нәрестесімен бірге Өскемен көшесінде жүрген сәті тарап, көпшіліктің талқысына түсті деп жазады KAZ. NUR.KZ порталы.

Видео кадрынан жас әйелдің бағдаршамға тоқтаған көліктердің ішіне кіруге талпынып, жолдың ортасындағы асфальтқа жатып алып, ерсі қылықтар жасағанын байқау қиын емес.

Жергілікті Altaynews басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, ана мен баланың да үстінде киім болмаған. Ал кеше Өскеменде ауа температурасы +10 градусты көрсетіпті.

Белгілі болғандай, сол маңда жүрген адамдар оқиға орнына құқық қорғау қызметкерлерін шақыртқан.

Осы жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

Ведомство тәртіп сақшылары әйел мен оның баласын медициналық мекемеге жеткізгенін хабарлады.

"Әйелдің жасы 33-те, бала – алты айлық. Қазіргі уақытта ол психоневрологиялық диспансерге тексеруге жеткізілді, нәресте – Ана мен бала орталығында", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар жауғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876451-skemen-kselerinde-balasymen-zalaas-zrgen-jeldi-videosy-zelide-tarap-ketti/

pixel