Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басын жұлып әкетті: БҚО-да 17 жастағы қайық иесін оқшаулағыштан босатты

Опубликовано:

Қайық
Фото: кфака

БҚО-да Екатерина Ананьеваны абайсызда өлтірді деп күдіктелген депутаттың 17 жастағы ұлы оқшаулағыштан босатылды. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхат жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы күдіктінің адвокаты мәлімдеді деп жазады "Уральская неделя" басылымы. Моторлы қайық айыппұл тұрағына әкетілген.

"Әзірге тергеу аяқталмағандықтан, қандай да бір пікір білдіре алмаймын. Тек тергеу сотының шешімімен ол оқшаулағыштан босатылып, ешқайда кетпеу туралы қолхат жазғанын айта аламын", - дейді күдіктінің адвокаты.

Қаза болған әйелдің әпкесі басылым тілшісімен телефон арқылы сөйлесіп, бүгінде қалада еместігін және істің мән-жайын білмейтіндігін алға тартты.

Ол "кез келген әке өз ұлына көмектесетінін" айтып, зардап шегуші тарап жас жігіттің босатылуына кедергі келтірмейтінін мәлімдеді.

Еске салсақ, маусымның басында Оралда әйел қайғылы жағдайға душар болып, қаза тапқан еді. Моторлы қайық суда жүзіп жүрген әйелдің басын жұлып әкеткен. Денесі бөлшектеніп қалған марқұмның мәйітін жинақтауға бірнеше күн кеткен.

Екі айдан кейін полиция әйелдің өліміне күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Ол мәслихат депутатының 17 жастағы ұлы болып шыққан. Кейін полиция іске қатысты мәлімдеме жасады. Тамыз айының ортасында қаза болған әйелдің отбасы күдіктіге кешірім бергені белгілі болды: депутаттың өзі қара жамылған отбасыға байланысқа шыққан.

Зардап шегуші тарап күдіктінің әйелді абайсызда өлтіріп алғанына келісіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875706-basyn-zlyp-ketti-bko-da-17-zastagy-kajyk-iesin-oksaulagystan-bosatty/

pixel