Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде 54 аурухана коронавирустың екінші толқынына дайындық ретінде қосымша жабдықтар орнатуда

Опубликовано:

Дәрігерлер
Фото: nur.kz

Еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі 54 аурухана оттегі концентраторлары мен оларға арналған шығыс материалдардың кезекті партиясын алды, бұл коронавирустың маусымдық өршуіне жақсырақ дайындалуға мүмкіндік береді.

"Біз ірі қалалардан шалғайда орналасқанбыз, сондықтан мемлекеттік көмекке қосымша кез келген көмек біз үшін артық болмайды. Пандемия жағдайында «артық» сөзін қолдану мүлдем қисынсыз. Біз үшін оттегі терапиясына арналған медициналық препараттардың, тиісті материалдардың қажетті қорының болуы маңызды. Мұрын канюлялары мен маскалар үнемі аса қажет, сондықтан біз әртүрлі тараптардың көрсетіп жатқан қолдауларына дән ризамыз", - дейді Жамбыл облысының Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Зәуреш Қадырбекова.

Бұл жолы гуманитарлық көмек Еуразиялық банк пен оның қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылды. Банктің директорлар кеңесі мүшелерінің бірі Шухрат Ибрагимов 100 оттегі концентраторын өзі сатып алып, Қазақстанға әкелді. Ал банк еліміздің 16 облысындағы аймақтық, ауылдық және қалалық ауруханалар үшін маскалар мен обаға қарсы костюмдердің сатып алынуын қамтамасыз етті.

Дәрігерлерге көмек Еуразиялық банк
Фото: Eurasian Bank
"Пандемия кезінде бизнес меценаттарының, қоғамдық ұйымдардың, қарапайым азаматтардың белсенділік танытып жатқанын көру көңіл қуантады. Ел үшін күрделі кезеңде қолдан келгенше қолдау көрсету адамдарды біріктіреді, саналы түрде қайырымдылық жасап, мейірімділік жылуын төгуге ынталандырады. Жабдықтар мен дәрі-дәрмектер түрінде көмек көрсету арқылы олар материалдық тұрғыдан қол ұшын созып қана қоймай, емделуге деген нық үміт пен сенімділік сәулесін шашады", - дейді Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ұлықбек Асылбеков.

Осы орайда, медицина қызметкерлері Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген қауіпсіздік жөніндегі ұсыныстарды ұстануға: маска тағуға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және басқа да карантиндік шараларды орындауға, санитайзер қолдануға, өз-өзіңізді емдемеуге және уақытылы көмекке жүгінуге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874967-elde-54-auruhana-koronavirusty-ekinsi-tolkynyna-dajyndyk-retinde-kosymsa-zabdyktar-ornatuda/

pixel