Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шенеуніктің әдепсіздігі тұрғындардың шамына тиді: Қаскелеңдегі жанжалдың егжей-тегжейі

Опубликовано:

Қаскелең1
Видеодағы кадр: КТК арнасы

Қаскелең тұрғындары үйлеріне жылу беру мәселесі бойынша кездесуге келген шенеуніктің мінез-құлқына наразы болды. Әлеуметтік желіде кездесудің видео үзінділері пайда болды. Енді даудың негізгі себебі туралы мәліметтер шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода көпшілік мәселенің төркініне емес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерінің тәртібіне назар аударды. Адамдар оның дөрекі сөйлесуіне және темекі шеккеніне, содан кейін темекі тұқылын балалар алаңына лақтырып жібергеніне наразылық танытты. Тұрғындар мен билік арасындағы әңгіменің себебі туралы айтатын болсақ, адамдар пәтерлерінің орталық жылу жүйесіне қосылуына қарсы арыз-шағымдарын айту үшін жиналған. Қаскелеңдіктердің айтуынша, газ қазандығы құрылысының жұмыстары балалар алаңқайынын тура үстінен бой көтергеолі жатқан көрінеді. Сонымен қатар, тұрғын үйлер электр подстанциясымен іргелес орналасыпты, сондықтан тұрғындар өз өмірлеріне қауіп төнеді деп алаңдаулы. Айтуынша, ешкім олардың келісімін сұрамаған, адамдар бұған үзілді-кесілді қарсы болып отыр.

Қаскелең1
Видеодағы кадр: КТК арнасы

Зоя Чеченеваның сөзінше, қазандық балалар ойын алаңының дәл үстінен салынып жатыр. Балалардың ойнайтын жері жоқ, жұмысшылар ағаштарды қиратқан. Бұған қоса, бұрын олар өз қаражаттарымен жылыту жұмыстарын жүргізіп келген болса, енді бәрін қайтадан өзгертіп, пәтерлерге өз есебінен құбырлар жеткізуге тура келеді. Бұл арзан емес, шамамен 300 мың теңге. Сондай-ақ, тұрғындар кейінірек мемлекеттік қызметтерге ақы төлеу қымбатқа түсуі мүмкін деп алаңдайды.

Мысалы, Елена Гребинюкованың 3 бөлмелі пәтері бар. Қазір ол 65 шаршы метр үшін айына 4 мың теңге төлейді. Газ қазандығынан бір бөлмелі пәтерге тек жылу үшін 10 мың теңгенің шоттары келеді. Әйел мұның бәрін есепке алып, айына 35-40 мың көлемінде төлем шығады деген қорытындыға келді. Мұндай үлкен шығын ешкімге қажет еместігін айтады ол.

Қазандық подстанциядан алыс емес жерде салынып жатқанын ескерген халық қауіпсіздік жағына да үреймен қарап отыр. Алайда, жергілікті билік бұл туралы біржақты пікірде. Олар барлық қажетті шаралар сақталғанын, мамандар құрылысты мақұлдағанын, сондықтан газ қазандығы болатындығын атап өтті. Уақыт өте келе бүкіл Қаскелеңді орталықтандырылған жылуға қосу жоспарланып отыр.

Қала әкімі Асқар Мұқашев бюджет ақшасы барлық шығындарды жабады деп сендірді. Сондықтан, тұрғындар қосылу үшін төлем жасамайды, түбіртектегі төлемдер де өспейді. Қала басшысы модульдік қазандықты орнату бағдарламасы бекітілгенін түсіндірді. Үйлердің әрқайсысына орталық жылуды қосқысы келеді. Учаскелер тағайындалды, сараптама өтті, барлық құжаттар дайын. Олар қазандықтың құрылысын бір айда бітіреміз деп уәде берді, содан кейін пәтерлерге жылу жүргізе бастайды.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске салсақ, әлеуметтік желіде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілінің Қаскелең қаласының тұрғындарымен осы мәселе бойынша сөйлескен видеосы пайда болған еді. Жиналғандар шенеуніктің тәртібіне шамданған еді.

Оған қоса, Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов Талдықорғанда түсіріліген даулы видеодан кейін қандай тәртіптік жазаға тартылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874956-seneunikti-depsizdigi-trgyndardy-samyna-tidi-kaskeledegi-zanzaldy-egzej-tegzeji/

pixel