Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда 11 жасар бала коронавирустан қайтыс болды

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Өзбекстанда коронавирус инфекциясы салдарынан болған жас жеткіншектің өлім оқиғасы тіркелді. Індет салдарынан 11 жасар балақайдың жағдайы күрт нашарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының ушығып кетуі салдарынан орын алған 11 жасар баланың өлімін ресми түрде растады. Бұл туралы centralasia.media сайтында хабарланды.

Министрліктің мәліметінше, қауіпті індет өмірін жалмаған жас жеткіншек Ташкент облысының тұрғыны болған.

17 қыркүйектегі статистикаға сәйкес, өткен тәулікте ел бойынша алты адам көз жұмған. Олардың барлығы Ташкент қаласы мен Ташкент облысынан шыққан.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Өзбекстанда корогавирус инфекциясынан 415 адам қайтыс болған.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 78 адам анықталды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 107 134-ке жетті.

Еске салсақ, Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталды.

Оған қоса, Қазақстанның солтүстік аймақтарында жылы жаққа ұшатын құстардың бағыты бойынша жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинация жасалады.

Айта кету керек, Алматы қаласы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров онлайн-эфир кезінде шаһардағы коронавирус таралуын ушықтырып жібермес үшін не істеу керегін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874929-zbekstanda-11-zasar-bala-koronavirustan-kajtys-boldy/

pixel