Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 53 жастағы көше сыпырушы жезөкшелікпен айналысқан

Опубликовано:

Aото
Көрнекі фото: pexels.com

Орал қаласының полиция қызметкерлері тән саудасымен айналысқан екі жезөкшені ұстады. Олар интернет-сайттар арқылы интимдік қызмет көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы nadezhda.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер басқармасының жедел ізтестіру тобы таратқан ақпаратқа сәйкес, 2020 жылыы 10-12 қыркүйек аралығында Орал станциясындағы полиция бөлімінің қызмет көрсету учаскесінде адам саудасына қарсы іс-қимыл мақсатында "STOP трафик профилактикалық іс-шарасы өткізілген.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары қаланың екі тұрғынын қолға түсірді.

Белгілі болғандай, 1990 жылғы және 1967 жылғы азаматшалар интернет арқылы тапсырыс қабылдап, интимдік қызмет көрсетумен айналысқандарын мойындаған.

"Солардың бірі - 53 жастағы әйел, сыпырушы болып жұмыс істейді және жыныстық қызмет көрсетеді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда интимді қызмет көрсететін ер адамдар саны көбейгенін жазған едік. Сарапшылар мұны коронавирус пандемиясымен байланыстырды.

Одан бөлек, Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері 15 жезөкшені қолға түсіргенін хабарладық.

Сонымен қатар, бұған дейін Алматы қаласында массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874865-oralda-53-zastagy-kse-sypyrusy-zezkselikpen-ajnalyskan/

pixel