Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ауысты

Опубликовано:

қиясов
Ерлан Қиясов. Фото: primeminister.kz

Үкіметтің қаулысымен Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ primeminister.kz сайтына cілтеме жасап.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы «Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» қарқынды терапия реанимация бөлімшесінің санитары болып бастады.

1997-1999 жылдары — Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.

1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында — Санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, Санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың 20 наурызынан бастап бүгінге дейін Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін Айжан Есмағамбетова атқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874655-kazakstanny-bas-memlekettik-sanitarlyk-drigeri-auysty/

pixel