Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Араб болма, қазақ бол": Әуелбекова орамал таққанын сынға алғандарды орнына қойды

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова хиджабта
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақстандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова өзінің жабық киіне бастағанын сөз еткен қалың көпшілікке сынап тастады. Өнер иесі орамалды образына қатысты жағымсыз пікірлер айтқан адамдарға үндеу жасап, оларды орнына қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова екінші мәрте тұрмысқа шыққалы өзінің стилін түбегейлі өзгертіп тастады. Бұған дейін ел алдына тек аса қымбат әрі ерекше дизайнерлік көйлектермен шығып келген сахна жұлдызы, енді барынша жабық образдарға көшкен. Оның үстіне әнші ару енді басына орамалды шешпей тағатын болған.

Өнер иесінің стиліндегі өзгерісін оның жанкүйерлері де байқады. Алайда, бұл мәселеге қатысты олардың пікірі екіге бөлінді. Бірі эстрада жұлдызының оранып жүруін қолдаса, енді бірі керісінше оны сынап тастады.

Белгілі болғандай, орамал тақырыбына қатысты Мөлдір Әуелебкованың да айтары бар болып шықты. Ол Instagram желісінде жабық киініп кеткенін сынға алған адамдарға азулы жазба арнап, оларды орнына қойды.

"Ассалаумағалейкум, Құрметтілерім! Мінсіз адам болмайды. Бірақ, сол пенде өз кемшілігін біліп, тәубеге келер болса, Аллаh тағала дұғасын қабыл етеді. Орамалға тиісіп, Алланың әмірін талқылауға ешкімнің қақы жоқ деп есептеймін. О, баста Арабтар пұтқа сиынған, жамылғы кимеген. Олар да Алланың әмірімен киген, тек біздерден әлдеқайда ертерек. Омар ибн аль-Хаттаб киносын көріп, Исламға дейінгі араб әйелдерін қарап алыңыздар.

Араб болма Қазақ бол дейсіздер... Қайсыңыз көшеде кимешек киіп, үкі тағып жүрсіздер? Өздеріңіз де қытайдың киімін жабыстырып, афроамерикандықтардың джинсы шалбарын бұттап, түріктің көйлегін киіп жүрген жоқсыздар ма? Мәселе киім үлгісінде емес, мәселе Алланың әмірінде! Ал, оны кім, қалай және қашан орындайды - өз еркі.

Бос сөзді қояйық мұсылман бауырлар! Дін ұлтқа немесе дәстүрге бөлінбейді! Ақыретте әр пенде өзі үшін ғана жауапты. Басқа бәле тілден демекші, екі иығыңызда екі періште әрбір сөзіңізді қалдырмай жазып отырғанын еске алып, Алланың бұйрығына қарсы келіп күнә арқаламаңыздар, өтініш! Алланың өзі де, сөзі де рас! Сіздерді Алла разылығы үшін жақсы көремін әрі, жүректерге хидаят берсін деп тілеймі" , - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін орамал мәселесіне қатысты Роза Әлқожа да елден оңбай сөз естіген болатын. Өнер иесінің өмірде де, өнерде де орамал тартып жүріп, кейіннен оны шешіп тастағаны елге жақпай қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1874320-arab-bolma-kazak-bol-uelbekova-oramal-takkanyn-synga-algandardy-ornyna-kojdy/

pixel