Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды

Опубликовано:

Ақорда
Көрнекі фото: Liens / Getty Images

Елімізде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды тереңдету мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылсын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақтан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Құжатта Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрамы көрсетілген. Олар:

  • Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - Қазақстан Республикасының Президенті, төраға;
  • Сэр Сума Чакрабарти - төрағаның орынбасары;

Жоғары кеңестің мүшелері:

1. Мамин Асқар Ұзақбайұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

2. Қошанов Ерлан Жақанұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;

3. Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы;

4. Келімбетов Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;

5. Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы;

6. Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы;

7. Сүлейменов Тимур Мұратұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

8. Құлыбаев Тимур Асқарұлы - «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы.

Еске салсақ, бұған дейін біз президент Қайрат Келімбетовті жаңа қызметке тағайындағанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Сэр Сумма Чакрабарти Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1874235-elimizde-reformalar-znindegi-zogary-kees-kryldy/

pixel