Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевты Қытайға сапармен келуге шақырды (фото)

Опубликовано:

Елбасы
Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Ван Имен кездесіп, Қытайға шақырту алды. Бұл туралы Елбасының ресми сайтында жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан елі Қытаймен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын сөз еткен.

"Біз тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойдық, шекара мәселесін толық шештік. Біздің қарым-қатынасымызда ешқандай түйткіл болған жоқ, әрі қарай да солай жалғасуы керек. Қазақстан Қытайдың біраз бастамаларын қолдайды. Соның бірі — «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының жүзеге асуы. Оны Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан жерінде жариялаған болатын. Біз талай шаруа атқардық, әлі де көп жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде", – деді ол.
Елбасы
Фото: elbasy.kz

Қазақстанның тұңғыш президентіне Қазақстан-Қытай арасындағы жан-жақты қатынасты дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс айтқан Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Ван И еліміздің жетістіктеріне тоқталып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әрі қарай да тереңдей беретініне сенім білдірді.

Елбасы
Фото: elbasy.kz

Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің ыстық сәлемін жеткізіп, онда Қытай Төрағасы Елбасыны кез келген ыңғайлы уақытта Қытайға сапармен келуге шақырғанын мәлімдеді.

Назарбаев Си Цзиньпинге жылы лебізі үшін алғыс білдіріп, ШЫҰ-ны дамыту керектігіне баса назар аударды.

Елбасы
Фото: elbasy.kz
"Мен ШЫҰ құрылуының бастауында болдым. Ұйымды сақтау және одан әрі дамыту керек деп санаймын. Жаһандануға қатер төніп тұрған қазіргі кезде ШЫҰ және «Бір белдеу, бір жол» интеграция идеясын ұстанатын көптеген халықтар үшін тығырықтан шығудың жолы болып отыр", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей Нұрсұлтан Назарбаевтың тың ұсынысына пікір білдіргенін жазған едік.

Одан бөлек, Конституция күніне орай Елбасының 25 жыл бұрынғы видеосы жарияланғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1873961-si-czinpin-nrsltan-nazarbaevty-kytajga-saparmen-keluge-sakyrdy-foto/

pixel