Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрнын бұзды: Қайрат Нұртастың қонақүй күзетшісімен төбелес ашқаны рас па

Опубликовано:

Кайрат Нуртас
Кайрат Нуртас. Фото: instagram.com/kair_n

Қайрат Нұртастың Ақтау қонақүйлерінің бірінде күзетшімен төбелесіп, оның мұрнын бұзғаны туралы ақпарат тараған болатын. Тәртіп сақшылары бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер қонақүйде төбелестің болғанын растап отыр, алайда төбелеске әншінің қатысы бар-жоғын айтуға құқылары жоқ екенін алға тартты.

"Әншінің күзетшімен Ақтау қонақүйлерінің бірінде төбелесіп, оның мұрнын бұзғаны" туралы ақпаратты e-gazet басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап жария еткен.

Сол арада Tumba.kz басылымы Маңғыстау облысы полициясының департаментіне бұл жайтқа қатысты сауал жолдап, Қайрат Нұртастың істің фигуранты екендігі қаншалықты рас екенін анықтауға тырысқан.

Мекеме қонақүйдегі төбелес фактісі бойынша қаланың полиция басқармасы соталды тергеу жүргізіп жатқанын растады. Ал Қайрат Нұртастың бұл дау-дамайға қатысы бар-жоғы әзірге белгісіз. Себебі, полицейлер өзге ақпаратты тергеу жүргізіліп жатқандықтан, жария ете алмайтындарын алға тартқан.

Еске салсақ, бұған дейін композитор Диана Исмаилова Қайрат Нұртасқа әнін қаншаға сатқанын жария еткенін жазған болатынбыз. Ол әншіден туындысы үшін ең жоғары сома алған.

Одан бөлек, танымал композитор, әрі Қазақстанның мәдениет қайреткері Бауыржан Есебаевтың Қайрат Нұртасқа іштей реніші бар екенін жазған едік. Қайрат Нұртас кезінде композиторға джип, коттедж алып беруге уәде еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1873925-mrnyn-bzdy-kajrat-nrtasty-konakj-kzetsisimen-tbeles-askany-ras-pa/

pixel