Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинада 400-ге жуық кенші алты күн бойы жер астынан шықпай отыр

Опубликовано:

шахта1
Көрнекі фото: pixabay.com

Украинаның Кривой Рог қаласындағы тау-кен комбинатының үш бірдей шахтасының 400-ге жуық қызметкері 2 қыркүйектен бері наразылық акциясын жер астында жалғастыруда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, алты тәулік бойы Кривой Рог қаласындағы тау-кен комбинатына қарасты 3 бірдей шахтаның 400-ге жуық қызметкері наразылық акциясын ұйымдастырып жатыр.

Кеншілердің басты талабын Рада депутаты телефон арқылы айтып берді.

"Қазіргі уақытта Кривой Рог қаласындағы темір рудасын өндіретін 3 шахтаның кеншілері жер астындағы наразылық акцияларын жалғастыруда. Олар кәсіпорын басшылығына бірнеше талап қойып отыр. Ең басты талап – жалақыны өсіру, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету. Жұмысшылардың айлығы өте аз, шамамен екі жүз доллардың айналысында", - дейді Украина шахтерлерінің тәуелсіз кәсіподақ басшысы, Жоғарғы Рада депутаты Михаил Волынец.

Елде мемлекет қарамағындағы шахтада 40, кен өндіретін жекеменшік шахталарда да 40 мыңға жуық жұмысшы қызмет атқарып келеді. Карантин кезінде бұл сала тіпті тұралап қалған. Сондықтан наразылық акциялары соңғы уақытта жиілеп кеткен.

"Соңғы кездері кеншілердің наразылығы жиі болып жүр. Шілде айында шахтерлер айлығын ала алмай зар болған еді. Қазіргі уақытта Украинаның көмір өнеркәсібі де өте ауыр жағдайда. Осы саладағы министрліктің жақын болашаққа жасаған даму жоспары не реформасы жоқ, сондықтан Украина шахталары дағдарысты еңсере алмай келеді", - дейді Украина шахтерлерінің тәуелсіз кәсіподақ басшысының орынбасары Наталья Левицкая.

Дегенмен Украинаның Кривой Рог қаласындағы тау-кен комбинатына қарасты шахталардың жер астында отырған 400-ге жуық қызметкері кәсіпорын басшылығымен әлі бір мәмлеге келер емес.

Оқиға орнында жүрген Украина шахтерлері тәуелсіз кәсіподақ басшысының телефон арқылы айтқан ақпаратына сай, жақын уақытта кеншілер Днепропетровской облысы мен кәсіпорын басшылығымен тілдеспек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Беларусьтағы президент сайлауына көңілі тлмаған зауыт жұмысшылары жаппай ереуілге шыққанын жазған едік.

Сонымен қатар Минскіде қолдарына гүл ұстаған қыздар ерекше наразылық акциясын ұйымдастырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1873467-ukrainada-400-ge-zuyk-kensi-alty-kn-bojy-zer-astynan-sykpaj-otyr/

pixel