KZ

Анкараның бірқатар аудандары су астында қалды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Түркия астанасы Анкара санаулы минуттардың ішінде судың астында қалды. Бұрын-соңды болмаған нөсерлі жауын мен бұршақтан қаланың бірқатар аудандарын су  басып кетті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Қаладағы жерасты өткелдерінің біразы суға толып, көптеген оған көліктер батып қалған.

Ал олардың ішінде болған адамдарды құтқарушылар келіп,зорға шығарып алды.

Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ.

Нөсерлі жауыннан кейін бірден бұршақ жауа бастаған.

Оның үлкен болғаны соншалық, дүкендер мен үйлердің терезелерін шағып  кеткен.

Кесек-кесек мұздан жарақат алып, тіпті аяқ-қолдары сынған бірқатар тұрғындар ауруханаларға түсті. Орын алған жағдайға байланысты Анкарада бірнеше сағатқа қозғалыс тоқтап қалды. 

 

 

Новости Казахстана
Анкараның бірқатар аудандары су астында қалды
Mailfire view pixel