Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Офицер кадрларды даярлау ұстаханасына 50 жыл

Опубликовано:

корганыс
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Құрлық Әскерлері әскери институтының басшылығы мен жеке құрамын 50 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Сізді және сіз басқарып отырған ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамын, офицерлерін, курсанттары мен ардагерлерін 50 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.

Осы жылдар ішінде әскери институт еліміздің мыңдаған адал ұлдарын тәрбиелеп, офицер кадрлар даярлау ұстаханасына айналды. Әскери институт түлектері интернационалдық борыштарын орындау кезінде, жергілікті соғыстар мен қарулы жанжалдарда, соңғы онжылдықтардағы бітімгершілік миссияларда ерлікпен және батырлықтың ерекше үлгісін көрсетіп, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы мен қалыптасуына қомақты үлестерін қосуда.

Институт түлектері еліміздің Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінде де қызмет етіп, аға буынның даңқты жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыра отырып, елдер арасындағы халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтуда және жетілдіруде.

Алдағы уақытта да Сіздердің Қарулы Күштердің дәстүрлеріне адал болып, еліміздің қорғаныс қабілетін дамыту ісіне елеулі үлес қосатындарыңызға сенім білдіремін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік, бақ-береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы істеріңізге табыс тілеймін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872515-oficer-kadrlardy-daarlau-stahanasyna-50-zyl/

pixel