KZ
Испания Қазақстан экономикасына 115 млн доллар инвестиция жасады
Новости Финансы

Испания Қазақстан экономикасына 115 млн доллар инвестиция жасады

Расказать Вконтакте
Испания Қазақстан экономикасына 115 млн доллар инвестиция жасады

Испанияның Қазақстан экономикасына жалпы инвестиция көлемі 115,2 млн АҚШ долларын құрады. 

Мұндай мәлiметтер Астанадағы Қазақстан Премьер-министрi Кәрім Мәсімов пен Испания Үкiмет басшысы Хосе Луис Родригес Сапатеро кездесуінің қорытындысы бойынша БАҚ-қа таратылған материалда келтiрiлген. 

"Испанияның Қазақстан экономикасына жалпы инвестициясы көлемі 115,2 млн АҚШ долларын құрады", - делінген хабарламада.  

Қазіргі уақытта, ҚР СIМ ақпараты бойынша Қазақстанда испан капиталының қатысуымен 30-ға тарта шағын және орта бизнес кәсіпорындары тіркелген. Шетел компанияларының қызметі сауда, көлік құралдарын жөндеу, үй бұйымдарын өндіру саласында топтасқан.  

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии