Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қошақаным" әнін ағылшынша шырқаған отандық әнші елді таңдай қақтырды

Опубликовано:

ерден жақсыбек
Ерден Жақсыбек. Фото: YouTube

Отандық белгілі әнші Ерден Жақсыбек "Қошақаным" әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындап, елдің қошеметіне бөленді. Талант иесі көпшілік білетін ескі әнді жаңаша сарында шырқаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видео Youtube желісіндегі Erden Jaqsybek арнасында жарық көрді.

Кадрдан әншінің бір топ музыканттардың сүйемелдеуімен ел арасында кеңінен танылған "Қошақаным" әнін жоғары деңгейде орындағанын көруге болады.

"Кез келген жанның балалық шағына саяхат жасайтын туындыны заманауи түрде жеткізген эстрада өкілі бұл жұмысы арқылы жаңалық жасаудан қорықпайтынын тағы бір рет дәлелдеді", - дейді оның тыңдармандары.

Олардың пікірінше, Ерден Жақсыбек аталған әнді қазақ және ағылшын тілдерінде орындап, музыкалық аспаптармен әрлеп, арасында рэп қосып, көпшіліктің көңілінен шыққан.

Өз ойын білдіргендердің арасында әртісті жиірек сахнадан көргісі келетінін айтқандар да болды.

"Неге жоғалып кеттіңіз", "Осындай керемет туындыларыңызбен жиі шығып тұрыңыз", "Сіздің шығармашылығыңызға бас иемін", "Әнді жоғары деңгейде орындайсыз", "Жаңа әндеріңізбен қуанта беріңіз" деп жазды олар.

Ал Ерден Жақсыбектің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында неліктен бұл әнге кавер бейнебаян түсіргенін де түсіндіруді ұмытпады.

"Бұл каверді жазған себебім, 6 жасымда қолыма алғаш рет микрофонды алған кездегі ең бірінші шырқаған әнім “Қошақаным қайда екен?” болған екен. Сіздердің пікірлеріңіз маған өте маңызды! Youtubе каналыма жазылып, коммент қалдырсаңыздар шабыт алатыным сөзсіз", - деді эстрада өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1872252-kosakanym-nin-agylsynsa-syrkagan-otandyk-nsi-eldi-tadaj-kaktyrdy/

pixel