Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыл әкімдерін халық сайлайды": Тоқаев маңызды мәселе көтерді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлауға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында айтты.

Оның сөзінше, алдағы саяси реформалар халықтың басқару жүйесіне белсене араласуына бағытталуы тиіс.

"Қазіргі сауалнамалар көрсетіп отырғандай, қоғам ауыл әкімдерінің сайланғанын қалайды", - деді мемлекет басшысы.

Осы орайда Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау жүйесін толығымен зерделеп шығу қажеттігін атап өтті. Бірақ бұл бастаманы кейінге қалдыруға болмайды, дейді.

Президенттің айтуынша, бұл – маңызды қадам.

"Оған жан-жақты дайындалу қажет және біртіндеп іске асыру керек. Біз осы жүйенің қалай жұмыс істейтінін анық білуіміз керек. Алайда бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауыл әкімінің құзіреті аяқталады. Меніңше, ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу керек", - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Тоқаев 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға артатынын, ад 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871997-auyl-kimderin-halyk-sajlajdy-tokaev-mayzdy-msele-kterdi/

pixel