Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырып алған қанша медқызметкер 2 млн теңгеден өтемақы алды

Опубликовано:

ковид врачи 123
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жұмыс орнында COVID-19 инфекциясын жұқтырып алуына байланысты қанша медицина қызметкерінің 2 млн теңге көлемінде өтемақы алғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Есмағамбетова төлемдердің денсаулық сақтау министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен бұйрығы шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын еске салды.

Өтемақы берудің механизмі мынадай: өңірлік комиссиялар төлемге үміткер әр медицина қызметкерінің құжаттарын денсаулық сақтау министрлігіне ұсынады.

Мамандандырылған ведомствода тексеруден өткеннен кейін құжаттар еңбек министрлігіне өткізіледі. Өз кезегінде аталған ведомство мамандары төлем жөнінде шешім қабылдайды.

Бас санитар дәрігердің мәліметінше, қазіргі уақытта 500 медицина қызметкеріне өтемақы берілген. Комиссияның жұмысы жалғасуда. Әкімдерге өңірлік комиссиялар ұсынған барлық құжаттар пакетін кідірусіз қарастыруға тапсырма берілді.

Аталған өтемақыға өтініштері қабылданбаған медицина қызметкерлерінің саны жөнінде ақпарат жоқ.

Айта кетейік, коронавирус жұқтырған жағдайда ақ халаттыларға 2 млн теңгеден өтемақы беру мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығы бойынша жүзеге асырылуда.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында 17 тамыздан бастап карантиннің жеңілдетілуіне қарамастан, неліктен демалыс күндері шектеу шаралары сақталатынын түсіндірген еді.

Сондай-ақ бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова еліміз карантинді жеңілдетудің алғашқы кезеңінен өтпесе, қатаң карантинді қайта енгізуге тура келетінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869550-koronavirus-zktyryp-algan-kansa-medkyzmetker-2-mln-tegeden-temaky-aldy/

pixel