Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО полиция басшысының кәмелетке толмаған баласы куәліксіз көлік жүргізген

Опубликовано:

Мужчина за рулем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Батыс Қазақстан облысы полициясының басшысы Махсудхан Аблазимовтың ұлы жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген кезінде ұсталды. Оған қоса, жас жігіт кәмелет жасына толмаған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жасөспірімнің көлік айдап жатқан бейнежазбалары оның әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланған. Видеолар Орал мен Ақтау қалаларында түсірілген.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі жас жігіт он жыл бойы анасымен тұратынын хабарлады. Құзырлы органның мәлімдеуінше, оның ата-анасы жаырасып кеткен. Жасөспірімнің әкесі БҚО полиция департаментінің басшысы болып шықты.

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, нәтижесінде жас жүргізушінің анасына әкімшілік хаттама толтырылды.

Анықталғандай, әйел адам бұған дейін екі мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бірі кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта жалғыз жүргені үшін болса, екінші жағдай кәмелетке толмаған баланың әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылуы себебінен екені анықталды.

Егер бірінші оқиғада ол тек ескерту алса, екінші жағдай үшін жасөспірімнің анасына шамамен 139 мың теңге айыппұл төлеу керек.

Айта кетейік, БҚО-да екі бала құдыққа құлап, мерт болғанын хабарлағанбыз.

Қайғылы жағдай Бірлік ауылдық округіне қарасты Шошай қыстағында орын алған. Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті растап отыр.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869383-bko-policia-bassysyny-kmeletke-tolmagan-balasy-kuliksiz-klik-zrgizgen/

pixel