Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты тәртіптік іс қозғалды

Опубликовано:

санитар
Фото: facebook.com/cok.mangystau

Талдықорған тұрғындарымен сөйлесу кезінде өзін мемлекеттік қызметкерге лайық ұстамаған Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты тәртіптік іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР мемлкеттік қызмет істері жөніндегі агенттік Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановтың Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтар анықталған бейнежазбаға назар аударды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қозғау тапсырылды, оны кейіннен Әдеп жөніндегі кеңесте қарайды.

Тәртіптік істің нәтижелері жария етілетін болады", - деді агенттіктің ресми өкілі Ерхан Таткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысының жаңадан сайланған бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың жергілікті кәсіпкерлермен сөйлескен сәтінен видео тараған болатын.

Желідегілер шенеуніктің іс-әрекеті мен сөйлеу мәнерін мемлекеттік қызметкерге лайық емес деп тапқан.

Дәл осы даулы видеожазбаны еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да зерттеп, Сыдымановтың іс-әрекеті мемлекеттік қызметкерге лайық емес деп баға берді.

Министр бас санитардың үстінен қызметтік тексеріс жүргізуді тапсырған. ДСМ ресми өкілінің сөзінше, қазіргі уақытта тексеріс басталып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869299-almaty-oblysyny-bas-sanitar-drigerini-katysty-trtiptik-is-kozgaldy/

pixel