Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі атыс: Оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: pxhere.com

Шымкент қаласының полиция департаменті қалада 10 тамызда кешке болған атыстың мән-жайын баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құзырлы органның мәліметінше, Қазиев көшесі бойында орналасқан "Гранд-Прага" мейрамханасында оқ атылған.

Алған жарақаттың салдарынан жәбірленушілердің бірі оқиға орнында қайтыс болып, екіншісі ауруханаға жеткізілген.

Қанды оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Полицияның ақпарынша, оқиғаға қатысты күдіктілер де анықталған. Қазір оларды ұстау үшін қажетті шаралар қолға алынған.

"Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабы (адам өлтіру) және ҚР ҚК 287-бабымен (атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жедел іс-шаралар барысында болған оқиғаның мән-жайы мен күдіктілер анықталды. Оларды ұстауға шаралар қабылданды", - деп мәлімдеді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласындағы мейрамханалардың бірінің маңында атыс болып, салдарынан бір адамның көз жұмғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында атыс болып, екі адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Полицияның мәліметінше, таныс адамдар арасында жанжал шыққан. Салдарынан екі адам оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылған. Тағы екі күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869055-symkenttegi-atys-okigaga-katysty-zaa-mlimetter-pajda-boldy/

pixel