Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ливан үкіметі толықтай отставкаға кетті

Опубликовано:

Ливанда
Фото: Defencenews.sk

Ливан үкіметі толықтай отставкаға кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Аль-Хадат агенттігі денсаулық сақтау министрі Мұхаммед Хасанға сілтеме жасап хабарлады.

"Ливанның премьер-министрі Хасан Диаб жақында біздің үкіметіміздің толығымен отставкаға кететіні туралы жариялайды", - деді ол 10 тамыздағы үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Қоғамдық жұмыс және көлік министрі Мишель Наджар бұл шешімді растады.

"Біз өзімізді жауапкершіліктен босату үшін отставкаға кетіп бара жатқан жоқпыз. Министрлер жаңа үкімет құрылғанға дейін өз міндеттерін атқарады", - деді ол.

Бұл шешім соңғы бірнеше күнге созылған жаппай наразылықтардан кейін қабылданды.

Бүгін Әділет министрі Мари Клод Нейем және өзге де саясаткерлер өз орындарынан кетті. Жуырда жаппай наразылық шаралары кезінде бірнеше министр бірден қызметінен кетті.

Естеріңізге сала кетейік, 4 тамызда Ливан астанасы Бейрутта жойқын жарылыс болып, қала тұрғындарының зәресін ұшырды.

Олар ақырзаман басталды деп ойлап қалған. Алайда кейін Бейрут портында жарылыс болғаны анықталды.

Елдің премьер-министрі Хассан Диябтың сөзіне қарғанда, 100-ден астам адамның өмірін жалмаған порттағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868899-livan-kimeti-tolyktaj-otstavkaga-ketti/

pixel