Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің қойларды басқарған": Лукашенко наразылық акцияларына пікір білдірді

Опубликовано:

Беларусьтегі митинг1
Фото: twitter.com/tutby

Александр Лукашенко алғаш рет Минскіде өткен оқиғаларға қатысты пікір білдірді. Оның ойынша, наразылық акцияларына шыққан белоруссиялықтарды өзге елдерден "басқарып" отырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Белта" агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала нәтижелер бойынша, президент сайлауында көш бастап келе жатқан Александр Лукашенко ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедевпен кездесті.

Кездесу барсында президент елде өткен сайлау мен одан кейінгі Минск көшелерінде орын алған наразылық акцияларына қатысты ойын айтты.

Беларусь президентінің пікірінше, сайлау "мереке" секілді өткен, алайда, "оның шырқын бұзуға тырысқандар" да болған.

Ол сондай-ақ осы жолы сайлауда дауыс берушілер саны рекордтық көрсеткішке жеткенін, адамдар дауыс беруге отбасыларымен бірге келгенін атап өтті.

Мемлекет басшысы арнайы қызмет өкілдерінің наразылыққа дейін және наразылықтар кезінде Чехия, Ұлыбриятания және Польшадан қоңыраулар тіркегенін жеткізді.

"Кешірім өтінемін, бірақ біздің қойларды сол жақтардан басқарып отырған", – деп мәлімдеді президент.

Оның айтуынша, шет елдерден 100 мың адамдық топ жинап, Тәуелсіздік сарайына қарай жүру туралы бұйрық берілген.

Еске сала кетейік, 9 тамызда Белоруссияда президенттік сайлау өтті.

Ұлттық экзитполдың ақпаратына жүгінсек, Александр Лукашенко 79,7%, Светлана Тихановская 6,8%, Анна Канопацкая 2,3%, Андрей Дмитриев 1,1%, Сергей Черечень 0,9% дауыс жинаған.

Сайлаушылардың 9,2%-і барлығына қарсы дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытынды нәтижесін 14 тамыз, жұма күні шығаруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Беларусьтегі президент сайлауынан кейін жаппай наразылық акциялары басталғанын жазғанбыз. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868883-bizdi-kojlardy-baskargan-lukasenko-narazylyk-akcialaryna-pikir-bildirdi/

pixel