Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандарға арналған стационарлар жабылуда

Опубликовано:

Аурухана 1
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында коронавирус және пневмония жұқтырған науқастарға арналған стационарлар жабылуда. Соңғы науқастардың емделіп шығуына байланысты инфекциялық және провизорлық ауруханалар қалыпты жұмыс режиміне көшуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, енгізілген карантиндік шаралар коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға айтарлықтай мүмкіндік берді.

Оған дәлел ретінде облыста коронавирус және пневмония жұқтырғандардың санының төмендеп жатқанын айтуға болады.

10 тамызға дейін Жамбыл облысында індетке шалдыққандардың жалпы саны 3889-ді құрады, оның ішінде 1693-і (43,5%) – коронавирус белгілері бар, 2196-ы (56,5%) – симптомсыз. Барлығы 96 260 ПТР-сараптамасы жүргізілген.

Барлығы 3091 адам емделіп, инфекциялық стационардан шығарылды. Бүгінде төсек-орын қорының жүктемесі 24,1 пайызды құрайды. Онда 162 адам ем алуда.

Провизорлық стационарларда 270 науқас жатыр. Ал 1486 адам үй карантиніне оқшауланған.

Соңғы пациенттің шығарылуына байланысты 7 тамызда облыстық аурухана базасында ашылған 300 төсектік инфекциялық стационар жабылды.

"27 маусымнан бастап 788 науқас ем алды. Мұнда барлық қажетті медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер болды. Ол науқастар барынша сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта мамандар дезинфекциялық шаралар жүргізуде. Осы аптадан бастап халыққа шұғыл және жоспарлы көмек көрсете отырып, штаттық режимде жұмыс істеуге ауысамыз", - дейді бас дәрігер Абай Нұржанов.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте медициналық көмекке жүгінушілер санының азаюына байланысты жеңіл атлетшілер манежінде орналасқан күндізгі стационар жабылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868815-zambyl-oblysynda-koronavirus-zktyrgandarga-arnalgan-stacionarlar-zabyluda/

pixel