Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусьте президент сайлауынан кейін қақтығыс болды (фото, видео, 18+)

Опубликовано:

қақтығыс
Фото: Sputnik / Виктор Толочко

Беларусьте кеше өткен президент сайлауынан кейін наразылық акциялары басталды. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылар мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Sputnik Беларусь ақпарат агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, наразылық білдірушілер Жеңіс алаңына жиналған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды резеңке таяқ пен бұрышты баллон қолдана отырып таратуға тырысты.

қақтығыс
Фото: Sputnik / Виктор Толочко

Түн жарымда күш құрылымдары наразылық білдірушілерді ығыстырып, Машеров көшесі бойымен шегінуге мәжбүр етті. Содан кейін демонстранттар таратылған.

Арнайы операцияға Беларусьтің ОМОН және ішкі әскері тартылғаны белгілі болды.

Минскідегі жедел жәрдем ауруханасына қосымша медицина саласының мамандары шақырылған.

қақтығыс
Фото: Sputnik / Виктор Толочко

Қазіргі уақытта кейбір наразылық білдірушілер ұсталып жатыр.

Осы орайда Ішкі істер министрлігінің өкілі Ольга Чемоданова ведомство рұқсат етілмеген жаппай шаралар өтіп жатқан Минск пен республиканың басқа да қалаларындағы жағдайды қадағалап отыр, деп хабарлады.

"Минск пен облыс қалаларындағы жағдай толығымен бақылауда. Ұсталғандар бар, бірақ әзірге жалпы саны туралы ақпарат жоқ", - деді ол.

Еске салсақ, кеше, 9 тамызда Белоруссияда президенттік сайлаудың негізгі күні өтті.

Ұлттық экзитполдың ақпаратына жүгінсек, Александр Лукашенко 79,7%, Светлана Тихановская 6,8%, Анна Канопацкая 2,3%, Андрей Дмитриев 1,1%, Сергей Черечень 0,9% дауыс жинады. Сайлаушылардың 9,2% -і барлығына қарсы дауыс берді.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытынды нәтижесін 14 тамыз, жұма күні шығаруды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1868758-belaruste-prezident-sajlauynan-kejin-kaktygys-boldy-foto-video-18/

pixel