Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалаңаш кісіні көзіммен көрдім": Сәтбаевтағы оқиғаға қатысты тың деректер шықты

Опубликовано:

пикабай
Көрнекі фото: pixabay.com

Сәтбаевтағы тұрғындар мен тәртіп сақшылары арасындағы қақтығыстан ұсталған адамдар саны 19-ға жетті. Тергеу амалдарында бұл сан еселеп өсуі мүмкін. Себебі шілденің 24-не қараған түні қалада ойран салғандардың саны мыңға жуық. Оларға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен айып тағылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, жоғалған бүлдіршінді табу кезінде бейнекамераның көмегі зор болған. Себебі бейнетаспада қыздың подъезге кірген сәті бар да, шыққаны жоқ. Сол себепті тәртіп сақшылары мен еріктілер подъездегі барлық пәтерді тінти бастаған. Олардың арасында күдік тудырғаны – есігін ашпаған бірінші қабаттағы пәтер.

"Адамдар терезеден іште біреу бар екенін байқап қалды. Полиция қызметкерлері есікті сындырып, ішке кірді. Денесін жалаңаштаған кісіні ұстап жатқанын өз көзіммен көріп, камераға түсіріп тұрдым. Сосын ашынған халық терезені шағып, торын жұлып алды. Ішке жастар кіре бастады", - дейді Сәтбаев қаласының тұрғыны Ботагөз Бұшманова сол күнгі оқиғаны есіне алып.

Қызды ата-анасына беріп, күдіктіні шығармақ болғанда ойран басталған. Ашу-ызыға булыққан жергілікті тұрғындар пәтерге баса көктеп кірген. Үй алдында азғантай тәртіп сақшыларының ырқына көнбеген жұрт есік алдындағы мүлікті де талқандауға кіріскен екен. Істің насырға шапқанын көрген полиция қызметкерлері күдіктіге полиция киімін киіндіріп үйден алып кеткен.

"Оны үйден алып шығу қиын болғаннан кейін киімін ауыстырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еттік. Содан жиналғандар полиция бөліміне келді. Бақылау пунктін сындырып, тас лақтырып, біраз шығын келтірді", - дейді Сәтбаев қалалық полиция департаментінің басшысы Жандос Қарабеков.

Телеарна дерегінше, полиция бөлімінің алдында бірнеше қызметтік көлік талқандалып, бір жеңіл көлік пен автобус өртенген. Ғимарат та зақымдалған. Жалпы келген шығын көлемі 60 миллион теңге.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, 23 шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейін бөтен пәтерден табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен.

Ал 24 шілде күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты түсініктеме берген.

Осыдан кейін бүлдіршіннің ата-анасы үндеу жасап, ел тұрғындарынан жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868701-zalaas-kisini-kzimmen-krdim-stbaevtagy-okigaga-katysty-ty-derekter-sykty/

pixel