Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскери дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливанға ұшады

Опубликовано:

Қарулы күштер
Фото: Қорғаныс министрлігі

Кеше Қазақстан Республикасының президенті – Қорғаныс күштерінің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министріне Ливанға әскери медицина мамандарын жіберу туралы мәселені шешуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 тамызда Қазақстан президенті – ҚК Бас қолбасышысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамының арасынан құралған 29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан-Ақтау бағыты бойынша ұшты. 8 тамыз күні таңертең Бейрут портында жарылыс нәтижесінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР ҚК әуе қорғаныс күштері әскери-транспорттық авиация ұшағы Ақтау - Бейрут бағыты бойынша ұшты.

4 тамызда Ливан Әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қуатты жарылыс болып, 150-тан кем емес адам қаза болғаны белгілі. Бес мыңға жуық адам жарақат алды, алайда ауруханалар толы болғандықтан зардап шеккендер стационар жағдайында ем қабылдай алмайды.

Қарулы күштер
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасындағы Covid-19-бен байланысты жағдайды ескере отырып, топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмады. Топ құрамына жоғары білікті хирургтар, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық бейіндегі орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген.

Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты зардап шеккендерге білікті медицина көмек көрсету болып табылады.

Қазақстанның қарулы күштері
Фото: Қорғаныс министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868680-skeri-drigerler-zardap-sekkenderge-kmek-krsetu-sin-livanga-sady/

pixel