Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көбейтұз балшығын әкетпек болған ерлі-зайыптылар жауапқа тартылды

Опубликовано:

Көбейтұз көлі
Көрнекі фото: inform.kz

Ерейментау ауданындағы Көбейтұз көлінің балшығын әкетпек болған елордалықтар әкімшілік кодекстің бірден үш бабы бойынша жауапқа тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ведомствода атап өткендей, елордалық ерлі-зайыптылар тыйым салынғанына қарамастан блок-бекетті айналып өтіп, Көбейтұз көліне барған. Олар көлге барып қана қоймай, балшығын алып кетуге тырысты.

Ерейментау аудандық полиция қызметкерлері астаналықтардың әкімшілік кодекс бойынша бірнеше заң бұзушылық жасағанын анықтады.

"Осыған байланысты 58 жастағы ер адам мен оның әйелінің үстінен ҚР ӘҚбК 364 бабы (ортақ суды пайдалану ережесін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен бірге, карантин талабын бұзғандары үшін ҚР ӘҚбК 425 бабы (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша және ҚР ӘҚбК 139 бабы (жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу) бойынша іс материалдары жиналып, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, облыстық экология департаментіне жолданды", - дейді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары карантин режимін бұзғандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеді, сондай-ақ олар адамдарды табиғы ресурстарға ұқыптылықпен қарауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысындағы қызғылт түсті Көбейтұз көлінің тұзын саудалағандар анықталды. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди мәлім етті.

Сондай-ақ, айта кету керек, бұған дейін Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне көлікпен кіріп кеткен тұрғынның әрекеті әлеуметтік желідегілердің ашуына тиген болатын. Кейін өңірдің полиция қызметкерлері аталған жүргізушіні тауып, он, әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868667-kbejtz-balsygyn-ketpek-bolgan-erli-zajyptylar-zauapka-tartyldy/

pixel