Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік рұқсат берді: Орал орталығында карантин кезінде той өткен

Опубликовано:

Карантин кезіндегі той
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда журналистер мен полиция қызметі карантин режимін елемей, дүбірлі той өткізген тұрғындарды әшкереледі. Той иелерінің сөзінше, оларға өз қызметін ұсынған кафе басшысы әкімдіктің мерекелік іс шара өткізуге рұқсат бергенін айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлер "Мой Город" редакциясына хабарласып, Молдағұлова көшесіндегі "Інжу +" мейрамханасында мерекелік іс шара өтіп жатқанын айтты. Журналистер келгеннен кейін мейрамхананың есіктері жабық еді, бірақ тамаданың сөзі мен музыка естіліп тұрды. Десе де есікті ешкім ашпады. Сонда тілшілер полиция шақырды. 40 минуттан кейін тәртіп сақшылары келіп, бұл мекенжайға бұған дейін келгендерін және мейрамхана иесінен заң бұзушылық үшін түсіндірме хат алғанын айтты.

Полицияның хабарлауынша, той иелері бұған дейін оларға мерекені аяқтап, үйлеріне қайтуға уәде берген. Сақшылар оларға сеніп, кетіп қалған. Қызметкерлер екінші рет келгенде, журналистермен бірге қонақтар отырған залға кірді, олар камераны көргенде бірден тарай бастады. Айта кету керек, тойға кейбір қонақтар кішкентай балаларымен келіпті.

Күйеу жігіттің ата-анасының сөзінше, кафе басшысы әкімдіктің бұл шараны өткізуге рұқсат бергенін айтқан.

Біз Айнұр есімді "Інжу +" мейрамханасының басшысына жүгіндік, ол бізден бас тартпады және мерекені өткізуге болатынын айтты, оның айтуынша, әкімдік оларға рұқсат берген. Біздің тойға 65-ке жуық адам келді", - деді күйеу жігіттің әкесі.

Әкімдік ойын-сауық мекемелерін жабу туралы шешімді санитарлық дәрігерлер қабылдағандықтан, олар мұндай шара өткізуге рұқсат бере алмайтынын хабарлады.

"Өткен аптада біз осы кафеде бұзушылықты анықтадық. Ол жерде той өткен. Біз түсіндірме жазбаны алдық және материалдарды тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөліміне жібердік, содан кейін олар хаттама жасап, тиісті шаралар қабылдайды", - деді мониторинг тобының жетекшісі Аслан Жармұханов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында екі күн ішінде 12 той тоқтатылғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Екібастұзда бақылау тобы карантин кезінде той өткізбек болғандардың үстінен түскенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868655-kimdik-rksat-berdi-oral-ortalygynda-karantin-kezinde-toj-tken/

pixel