Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде халық санағын жүргізу келесі жылға қалдырылды

Опубликовано:

Адамдар
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан биыл халық санағын жүргізбейтін болды. Ауқымды шара келесі жылға қалған. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, санақты кейінге шегеруге коронавирус пандемиясы себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Соңғы рет елдегі азаматтар санын анықтау 2009 жылы жүргізілген. Сол кезде Қазақстанда 16 миллион 400 мың адам болған-ды.

Алайда ауқымды іс-шара техникалық жағдайларға байланысты 2019 жылға, кейін 2020 жылға ауыстырылған.

Енді тағы да өзгертіліп, келесі жылға шегеріліп отыр.

Шенеуніктер ұлттық халық санағына 8,2 миллиард теңге керек деп, қаржысын да санап берген.

Айта кетейік, халық санағын жүргізу тәртібі өзгеріссіз қалған. Қазақстандықтарға мамандандырылған сайтта сауалнама толтыру керек. Жиналған мәліметтерді мамандар планшетке тіркеп, халық арасында жаппай сауалнама жүргізеді.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, биылғы жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 632 мың 200 адамды құраған.

18 млн 632 мың 200 адамның 10 млн 893 мың 800-і немесе 58,5% - қалаларда, 7 млн 738 мың 400 мыңы немесе 41,5% ауылдарда тұрады.

Жалпы халық санының 9 млн 34 мың 300-ін немесе 48,5% – ерлер, 9 млн 597 мың 900-ін немесе 51,5% әйелдер құрайды екен.

2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 236,5 мың адамға немесе 1,3% өскен.

Сондай-ақ, Қытайдағы халық саны 1,4 миллиардтан асқанын хабарлаған едік.

Бұл Гонконг, Макао, Тайвань секілді әкімшілік аудандарды есептемегендегі халық саны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868647-elimizde-halyk-sanagyn-zrgizu-kelesi-zylga-kaldyryldy/

pixel