Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не масқара?": Ақшаға құныққан дәрігерлердің қулығы әшкере болды

Опубликовано:

Температура өлшеу
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздегі емханалар ебін тауып жалған қабылдау жүргізіп отырған. Олар көрсетілмеген медициналық көмекті "көрсеттік" деп жазыпты. Ел тұрғындары пайдаға кенелгісі келгендердің ісін әшкерелеп, желіде түрлі жазба жариялауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Айгүл Өтепова Нұр-Сұлтан қалалық №13 емханада демікпе ауруымен тіркеуде тұр. Әлеуметтік желіде қызу талқыланған соң елордалық тұрғын "Дамумед" қосымшасына кіріп, дәрігер қабылдауына жазылған күндерін қараған. Нәтижесінде оның да сыртынан қабылдау жасалғаны белгілі болады. Әйел мұны "алаяқтық" деп отыр.   

Астаналық тағы бір тұрғын Айгүл Қанапина да "Дамумедке" реніші бар екенін жеткізді. Оны дәрігерлер түнгі сағат бір жарымға қабылдауға жазып қойған.  

"17 маусым күні "Дамумед" бағдарламасында түнгі сағат 1 жарымда Нұр-Сұлтан қаласының №2 емханасындағы дәрігерге жазылған екенмін. Не масқара?! Түнде емханада мені ешкім қабылдамайтыны белгілі ғой. Кейін тағы қарап отырсам, екпе егілген, дәрі берілген. Мен ешқайсысын алған жоқпын", - деп ашуланды келіншек.

Айта кетейік, "Дамумед" мобильді қосымша арқылы науқастар дәрігер қабылдануына жазылып, ем алып, жедел жәрдемді де шақырта алады.  

Елордалық тұрғындардың арызына "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы" компаниясының бас директоры түсініктеме берді.

"Біз қадағалау органы немесе денсаулық сақтау басқармасы емеспіз. Әрдайым жұмысымызды тиянақты, жақсы жасауға тырысамыз. Біз адамдарға шынайы ақпаратты көруге, заңбұзушылықты анықтауға мүмкіндік бердік. Бұл – ашықтық. Цифрландырудың басты мақсаты да осы. Бұл құрал сияқты. Сондықтан, кез келген құрал сияқты, оны дұрыс пайдалану керек", - дейді ол.

Телеарна тілшісі емханалардың мұндай әрекетке баруының себебін түсіндіріп өтті.

"Дамумед" арқылы ем-дом шаралары жүргізілсе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша бөлінеді деді ол.

Ал денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қазіргі уақытта заңды түрде сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ол дәрігерлер мен емхана басшыларына қатысты жазаны қатаңдату жағын қарастырамыз дейді. Қожахметовтың сөзінше, бұл өрескел заңбұзушылық.

  • Мұндай қателіктер адамдардың өміріне, денсаулығына қатты әсер етуі мүмкін дейді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, енді өтірік емдеген емханаларға айыппұл салынады. Оның көлемі медициналық қызмет көрсету құнының 300 пайызын құрайды. Оны емхана басшылары төлеуі тиіс. Ал дәрігерлер тәртіптік жазамен құтылады.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, осыған дейін карантинде ауруханаға санитар болып орналасқан әнші жаңа жұмысы туралы айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868431-ne-maskara-aksaga-knykkan-drigerlerdi-kulygy-skere-boldy/

pixel