Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық үш балуан жол апатынан қайтыс болды (фото)

Опубликовано:

Жол апатынан еркін күрестің палуандары Жақсыбек Карабалаев, Iльяс Жұмай, Жанбота Байбазар қаза тапты. Одан бөлек екі спортшы жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Бұл қаралы хабар қабырғамызды кайыстырды. Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған.

Еркiн күрес палуандары Жақсыбек Карабалаев, Iльяс Жұмай, Жанбота Байбазар жол апатынан қаза тапты.

Нақтырақ айтсақ, күнi кеше бір топ (бес бала) еркін күрес балуандары жол апатына түсiп, Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға үстінде көз жұмды. Ал ауыр халде ауруханаға түскен Ильяс Жұмай бүгін өмірден өтті деген тағы бiр суық хабар жетті.

Ал Зауытбек Нұрдәулет пен Мұхаметқалиев Шыңғысхан өмiрi үшін күресiп жатыр. Алла тағала оларға шипа, күш-қуат берсін. Дұғада болайық.

Балуандарымыздың мезгілсiз дүниеден өтуiне байланысты еліміздiң барша күрес жанкүйерлерiне, марқұм болған балалардың отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына қайғырып көңіл айтамыз. Жандарыңыз жаннатта болсын!", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін елге сыйлы спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың дүниеден өткенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868052-kazakstandyk-s-baluan-zol-apatynan-kajtys-boldy-foto/

pixel