Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NUR.KZ-те жазған пікіріңіз не себепті жарияланбай қалды?

Опубликовано:

NUR.KZ Қазақстанда ең көп оқылатын ақпараттық портал болып табылады. Айына NUR.KZ сайтына 12.5 миллионнан астам адам кіреді. Көптеген оқырмандар өзін қызықтырған жаңалықтардың астына пікірлерін қалдырып жатады. Алайда, кей жағдайларда олардың жазған пікірлері сайтта жарияланбай қалады. Оның себебі неде екенін біздің материалдан біле аласыздар.

Әр оқырманның пікірі біз үшін аса маңызды. Қолданушылардың жаңалыққа қатысты жазған ойы сайтта жарияланбай тұрып, арнайы мамандандырылған модераторлармен тексеріледі. NUR.KZ сайтында төрт модератор бар. Олар күнделікті таңғы сағат 8-ден түнгі 12-ге дейін жаңалықтар астындағы әрбір пікірді жіті қадағалап отырады.

2018 жылы NUR.KZ редакциясы қазақстандық сайттардағы анонимді пікірлерге қатысты заңның өз күшіне енуіне байланысты, пікір қалдыру тәртібін өзгертті. Бүгінде NUR.KZ-те өз пікіріңізді қалдыру үшін өз жеке аккаунтыңызға кіру немесе смартфон көмегімен тіркелу керек.

NUR.KZ сайтында қалай тіркелуге болады?

Өте маңызды! Жеке мәліметті таратуға жол жоқ! Қолданушылардың нөмірлері мәліметтер базасында сақталады. NUR.KZ сіздердің жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды іске асырады.
Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Twitter

Желі қолданушы NUR.KZ сайтында тіркелген болса да, оның пікірі жарияланбай қалуы мүмкін. Оның бірнеше себебі бар:

- Оқырман соғысқа, терроризмге, хакерлік шабуылдарға, эстремизмге, сепаратизмге, ұлтаралық, дінаралық, әлеуметтік қақтығысқа шақырған болса, оның пікірі сайтта жарияланбайды. Оған қоса, темекі шегу мен нашақорлықты насихаттау, қоқан-лоққы, өлім мен сексуалдық тұрғыдағы әрекеттермен қорқыту, суицид тәсілдерін сипаттап, оларды іске асыруға үгіттеу жайындағы жазбалар да сайтқа шықпайды.

- NUR.KZ сайтында пікір қалдыру кезінде адамның ар-намысына өтуге, ресми және танымал тұлғаларды балағаттауға, өзге оқырмандар мен олардың жақындарының абыройына нұсқан келетін сөздер жазуға жол берілмейді.

Төмендегі бағыттағы пікірлер мүлдем жарияланбайды:
  • Жалған әрі шындыққа жанаспайтын ақпарат.
  • NUR.KZ басылымының журналистерін, авторларды, модераторларды, редакция әкімшілігі мен оқырмандардың ар-намысына тиетін сөздер.
  • Жеке мәліметтерді таратып, байланыс құпиясы бұзылған жағдайлар.
  • Бейәдеп сөздер (оның ішіне өзгертіліп жазылған балағат сөздер де жатады).
  • Мәнсіз пікірлерді көшіру (флуд пен флейм).
  • Өзге сайттардың жарнамасы мен олардың сілтемелері.
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов.
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов.: Instagram

NUR.KZ порталының ережелеріне қайшы келген пікірлер еш ескертусіз модераторлармен өшіріледі. Егер оқырман өшірілген пікірі қайта жарияоаған болса, модератор оны бұғаттау тастауға толығымен құқылы.

Сайт әкімшілігі автордың шешімі мен жеке көзқарасы бойынша материалға пікір қалдыру мүмкіндігін шектеу құқығына ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kak-rabotaet-nur-kz-kaz/1867815-nurkz-te-zazgan-pikiriiz-ne-sebepti-zarialanbaj-kaldy/

pixel