Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құндылықтарым өзгерді": Ерке Есмахан желіде жантебірентерлік жазба жариялады

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан әкесінің қазасы оның өмірін түбегейлі өзгертіп тастағанын айтты. Өнер иесі енді көп нәрсеге басқаша көзқараспен қарайтын болғанын алға тартты. Қайғыдан қан жұтқан әнші бұдан былай жақындары үшін еңсесін тік ұстап, әкесінің атын абыроймен алып жүруге сөз берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erke_esmahan
Фото: Instagram/erke_esmahan: Instagram

Ерке Есмахан Instagram парақшасында жүрекжарды жазбасымен бөлісіп, онда жан сырын ақтарған. Ол орны толмас қазадан кейін құндылықтары өзгеріп кеткенін жеткізді.

"Көзқарасым өзгерді. Құндылықтарым өзгерді. Бұрын маңызды болған дүниелердің құны қазір көк тиын. Анам, ұлым, бауырларым үшін ес жиып, еңсемді тік ұстаймын. Әкемнің атын абыроймен алып жүремін! Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын! Елдегі мына індет тезірек аяқталсын! Мүлдем жойылып кетсін! Қазақстанымызда тыныштық, бейбіт, бұрынғыдай жайбарақат өмір басталсын! Әрбір шаңыраққа Аллах амандық, саулық, береке мен молшылық берсін" , - деп жазды эстрада жұлдызы.

Еске сала кетейік, 20 маусым күні әнші Ерке Есмаханның әкесі өмірден озғаны туралы қаралы хабар келіп түсті. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, өнер иесінің асқар тауы екі жақты пневмониядан ауруханада қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1867422-kndylyktarym-zgerdi-erke-esmahan-zelide-zantebirenterlik-zazba-zarialady/

pixel