Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда бірнеше шақырымға созылған ерекше бұлт видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Қарағанды облысының Жәйрем ауылында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда бірнеше шақырымға созылған соқпақ бұлттар бейнеленген. Қазгидрометтің мамандары осы бір ерекше құбылыстың себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қарағандыда бірнеше шақырымға созылған ерекше бұлт видеоға түсіп қалды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары табиғаттың тосын құбылысын видеоға түсіріп алды. Кадрдан бірнеше шақырымға созылған бұлттарды көруге болды.

Қазгидромет мамандары видеоның Қарағанды облысында түсірілгенін растап отыр.

Мамандар мұндай құбылыс "орам бұлттар" (volutus) деп аталатынын айтады.

"Орам бұлттар – бұл сопақ және көлденең жатқан бұлтты масса. Ол көбінесе төмен орналасады және формасы құбырға ұқсайды. Сосын айналып тұрғандай болып көрінеді. Орам бұлттар бір-бірімен байланыспайды. Бұл Жер атмосферасындағы толқынды ауытқулардың көрінісі болса керек", - дейді синоптиктер.

Олардың айтуынша, қатты желдің әсерімен дымқыл ауа жоғары қарай көтерілгенде суи бастайды. Содан цилиндрлік бұлттар пайда болады. Ондай құбылыс өте сирек кездеседі. 

"Соңғы күндері Қарағанды облысындағы ауа райына оңтүстік циклон әсер етті. Оның ықпалымен күн күркіреп, жаңбыр жауды. Циклон орам бұлттардың пайда болуына да себеп болған", - дейді мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда өзендегі суда сабынды көпіршіктердің пайда болғаны жайлы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867330-karagandyda-birnese-sakyrymga-sozylgan-erekse-blt-videoga-tsip-kaldy/

pixel