Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Супермаркетте бетпердесіз жүрген Жолдыбаевалар сынға қалды

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес жұлдыздары Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар желіде тағы да қызу талқыға түсті. Әдетте ашық образдары салдарынан сынға ұшырайтын бикештер бұл жолы карантин кезінде супермаркетте маскасыз жүргендері үшін сөз естіді. Қос арудың қылығы көпшілікке жақпай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: Instagram

Instagram желісінде қызу талқы тудырған видеомен Кәмшат Жолдыбаева бөліскен. Онда шоу-бизнес сылқымдарының супермаркетте билейін деп жатқан сәті көрініс тапты. Алайда, әпкесі күшін асыра қолданып, абайсызда сіңлісін соғып жіберген.

Желідегілер бейнежазбаны мұқият қарап отырып, қос арудың адам көп шоғырланатын жерде бетпердесіз жүргенін байқап қалған. Олар бойжеткендерді карантин талаптарын сақтамай жүр деп сөгіп тастады.

"Маскаларың қайда? Ауырып қалсаңдар қайтесіңдер сосын?" , "Маска кимесеңдер айыппұл салады деп жатады. Қайссы салғандары? Бәрі заң алдында бірдей емес пе?" , "Көп құтырған бір жылайды" , "Қалай маскасыз жүр? Тексермей қалай кіргізді көпшілік орынға" , "Неге маскасыз жүрсіңдер? Қалай кіргізген өзі сендерді?" , "Ел вирустан қырылып жатса, сендер құтырып жүре беріңдер" , "Супермаркетке қалай маскасыз кіргізді бұларды" , - деп көпшілік наразылығын білдіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1865353-supermarkette-betperdesiz-zrgen-zoldybaevalar-synga-kaldy/

pixel