Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ: Қазақстан Тәжікстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын жібереді

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында Қазақстанның Тәжікстанға ӨЖЖ аппараттарын жеткізетіні туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді – Людмила Бюрабекова олардың көршілес елге гуманитарлық көмек ретінде жіберілетінін растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: «Коммерсантъ» / Влад Некрасов
Фото: «Коммерсантъ» / Влад Некрасов: Facebook

Вице-министр пандемия кезінде барлық елдердің бір-біріне көмек көрсететінін тілге тиек етті – Қазақстан да бұл істен шет қалмайды.

Оның айтуынша, еліміз Тәжікстанға жергілікті компаниялар жасап шығарған портативті ӨЖЖ аппараттарын жіберуге ниетті – мұндай құрылғылар қазір біздің жедел жәрдем көліктеріне орнатылуда.

Денсаулық сақтау ведомствосының мәліметінше, Ақмола облысының компаниясы өндіріс күшін арттырған, олар Қазақстандағы барлық ауруханалар мен жедел жәрдем көліктерін портативті және стационарлық ӨЖЖ аппараттарымен қамтамасыз етпек. Құрылғыны жасап шығаруға Түркия көмектеседі.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 64 мыңға жуықтап отыр. Өткен тәулікте ғана инфекцияға шалдыққан тағы 1759 адам тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865025-dsm-kazakstan-tzikstanga-kpeni-zasandy-zeldetu-apparattaryn-ziberedi/

pixel