Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өршіген пневмония індеті СOVID-19 статистикасына кіре ме

Опубликовано:

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Қазақстанның халықаралық ұйымдармен пневмония індетін COVID-19 статистикасына енгізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Пневмания Сovid-19 статистикасына кіре ме
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Бюрабекованың сөзінше, статистикалық мәліметтерге ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар ғана кіреді.

"Біз қазір халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөздер жүргізудеміз. ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес, статистикалық мәліметтерге ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар ғана кіреді", - деді ол.

Бюрабекованың айтуынша, деректер әзірленіп жатыр.

"Таяу уақытта біз өтінім тастадық, ДДСҰ-дан жауап аламыз, келіссөздер арқылы назарға алынуы керек мәліметтерге қол жеткіземіз. Әр елдің статистикасы мен есеп жүргізуде өзіндік тәсілі бар, біз оны біркелкі етіп, барлық елдермен бірге жүргізгіміз келеді", - деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ директоры Қазақстан вируспен күресте дұрыс жолды таңдамағанын хабарлаған еді.

Халықаралық ұйымның таратқан ақпаратына сәйкес, көптеген елде індет қайта өршігендіктен, бұрынғы шектеу шаралары тағы енгізіліп жатыр. Алайда бірқатар мемлекеттер өзін-өзі оқшаулауға келгенде қауқарсыздық танытып отырған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865016-kazakstanda-rsigen-pnevmonia-indeti-sovid-19-statistikasyna-kire-me/

pixel