Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Алагөзованың сіңлісі төрт бөлмелі жаңа пәтерін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзованың туған сіңлісі Бағым Мұхитденова көпшілікке өзінің жаңа баспанасын көрсетті. Ол төрт бөлмелі пәтерінде журналистерді қонақ қылып, үйін емін-еркін аралатты деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: Instagram

Бағым Мақсатқызы төрт бөлмелі пәтерін осыдан екі жыл бұрын сатып алған болып шықты.

Алайда біраз уақыт бойы жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен, жанұясы тек бір жарым жыл бұрын ғана көшіп кірген. Ол бүгінде жолдасы мен ұлымен бірге тұрады.

Алагөзованың сіңлісі тілшілерді барлық бөлмелеріне кіргізіп аралатқанымен, киімі тұратын бұрышын көрсетуден бас тартты. Бірақ жуынатын бөлмесін қарауға мүлдем қарсы болған жоқ.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: Instagram

Музыкалық продюсердің пәтері толығымен жаңа үлгідегі жиһаздармен жабдықталып, ерекше "прованс" стилінде безендірілген.

Шоу-бизнес өкілі үйінің дизайнымен айналысқан маманның жұмысы көңілінен шыққанын айтты. Ол Мұхитденованың барлық талаптарын ескеріп, қалауын ойдағыдай жасап шыққан.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: Instagram

Мұхитденованың өз баспанасын аралатып көрсетіп жатқан сәтінен жасалған бейнесюжетте оның ұлы мен жолдасынан бөлек, үйінде әпкесі мен жездесі де бой көрсетті.

Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзов журналистермен бірге осы үйге қонақ болып барған көрінеді.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: Instagram

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1865004-baan-alagzovany-silisi-trt-blmeli-zaa-pterin-krsetti-video/

pixel