Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да орман өртеніп, бүтін бір ауылды жойып жібере жаздады (фото, видео)

Опубликовано:

14 шілдеге қараған түні Батыс Қазақстан облысы Бударин орманшылығында найзағай салдарынан өрт шықты. Оны даладағы 33 градус ыстық та ушықтырып жіберген. Ал күндіз секундына 18 метрге дейін ұйытқыған жел арқылы ол Орал өзенінен Коловертное кентіне дейін жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО-да орман өртеніп, бүтін бір ауылды жойып жібере жаздады (фото, видео)
Фото: ТЖК: UGC

Комитетте атап өткендей, елді мекен орманшылықтан 10 шақырым жерде орналасқан. Ауылда 67 үй бар, 147 адам тұрады. Орманнан, артынша су қоймасынан ушыққан өрт салдарынан екі үй жанып кетті.

Олардың бірі тұрғын үй, ,ал екіншісі бос тұрған үй. Өрт тағы төрт шаруашылық құрылысты алып кетті. Ауылдан 42 адам, малдар мен құстар шығарылды.

БҚО-да орман өртеніп, бүтін бір ауылды жойып жібере жаздады (фото, видео)
Фото: ТЖК: UGC

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Атыраудан оқиға орнына МИ-884 тікұшағы аттанып, 90 тонна су төкті.

Жалпы алғанда өрт сөндіруге 93 адам мен 11 көлік қатысты.

БҚО-да орман өртеніп, бүтін бір ауылды жойып жібере жаздады (фото, видео)
Фото: ТЖК: UGC

Ауылдағы өрт күндіз сағат 16:00 шамасында пайда болған, сағат 19:00 шамасында ауыздықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, өрт 16 гектар аумаққа тарап үлгерген.

Төтенше жағдайлар комитетінде тұрғындардың үйлеріне оралғанын мәлімдді. Өртенген шаруашылық құрылыста мекендеген екі адам қазір туыстаының үйінде. Қалған ошақтарды сөндіру жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1864982-bko-da-orman-rtenip-btin-bir-auyldy-zojyp-zibere-zazdady-foto-video/

pixel