Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда ер адам бұрынғы әйелін 8 рет пышақтаған

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда ер адам бұрынғы әйеліне сегіз рет пышақ сұққан де хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда ер адам бұрынғы әйелін 8 рет пышақтаған
Фото: Facebook: UGC

"Немолчи" қорының Facebook-тегі парақшасындағы жазбаға сәйкес, полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Белгілі болғандай, елорда полициясы сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Қайырлы кеш, құрметті Динара Ботаевна! Біз сіздің мақалаңызда баяндалған оқиғалар туралы білеміз. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлімі - 99 бабы 1 бөлігі (кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу әрекеттері жәбірленушінің қатысуымен жүргізілуде. Күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынды. Сіздің дәлелдеріңіз бойынша қызметкерлердің кәсіби емес әрекеттеріне тексеру тағайындалды.Мен қылмыстық іс бойынша тергеу барысын қабылдадым. Белсенді азаматтық әрекет танытқаныңыз үшін рақмет", - деді Нұр-Сұлтан ПД басшысы Ержан Сәденов.

Анықталғандай, ер адам бұрынғы әйелінің жұмысына барып, оны күштеп әкеткен.

"Ол оның жұмысына келді, бірнеше рет сыртқа шығуын талап етті. Әйел әріптестерінің алдында өзін ыңғайсыз сезінгендіктен көшеге шығуға мәжбүр болды. Сол кезде бұрынғы күйеуі оны көлікке мәжбүрлеп мінгізіп, алып кетті. Қарағанды ​​тас жолына келе жатып, ер адам әйелді ұра бастады. Ол қарсылық танытып, көліктің терезесін сындыруға тырысты! Сол сәтте ер адам оған пышақ сұға бастады. Ақыры көлікті тоқтатып, 8 пышақ жарақатын салды, содан кейін басқа көліктердің тоқтап жатқанын көрі, келіншекті жолға лақтырып, өзі ізін суытты. Көлік жүргізушілері полиция мен жедел жәрдем шақырған, делінген хабарламада.

Қызға қысым көрсетілгені атап өтілді.

Осы отбасында үнемі ұрып-соғу салдарынан ажырасу туралы іс қаңтарда басталды, бірақ отбасын сақтап қалу мақсатында сот процесі бірнеше айға созылды. Нәтижесінде олар 9 маусымда ажырасты", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы тұрғыны бұрынғы әйелін пышақтап, бала күтушіні соққыға жыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1864956-nr-sltanda-er-adam-bryngy-jelin-8-ret-pysaktagan/

pixel