Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Қытай шекарасы алапат өртке оранды (видео)

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысының аумағы алапат өрт құшағында қалды. Қызыл жалын үш мың гектарға жуық жерді күлге айналдырған. Тілсіз жаудан жапа шеккендер жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd
Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd: UGC

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, өртенген аумақ Үржар ауданындағы Қарабұлақ ауылдық округіне тиесілі жер және Қытай шекарасындағы далалық.

Белгілі болғандай, аптап ыстықта қураған шөптің түгі қалмай жанып кеткен.

Сонымен қатар, қатты соққан желдің салдарынан тілсіз жау үлкен аумақты қамтыды.

Аталған оқиға байланысты облыстық өрт сөндіру қызметі бастығының міндетін атқарушы Азамат Мұқашев түсініктеме берді.

"Өрт сөндіруге өрт сөндіру қызметінен және шекара заставасының жеке құрамы мен әкімшіліктен кісілер тартылды. Өрт қауіптілігі мерзімі басталғаннан бергі төртінші дала өрті, аумағы үлкен өрт", - деді ол.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, осыған дейін Батыс Қазақстан облысында орманнан шыққан өрт ауылға кіріп, 40-тан астам адам қауіпсіз жерге көшірілгені туралы жазған едік.

Өңірдің төтенше жағдай қызметі Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі Коловертное ауылынан 10 км жерден шыққан табиғи өрт 13 және 14 шілде күндері 16 гектар аумақты қамтығанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1864938-kazakstan-men-kytaj-sekarasynda-alapat-rtke-orandy-video/

pixel