Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин аяқталғаннан кейін мектеп формасын кию қайта міндеттеле ме

Опубликовано:

Білім және ғылым министрлгінің басшысы Асхат Аймағамбетов мектеп формасына қатысты бұйрыққа енгізілген өзгерістер жайлы мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Карантин аяқталғаннан кейін мектеп формасын кию қайта міндеттеле ме
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: UGC
"Білім және ғылым министрінің бұйрығына мектеп формасы бойынша шұғыл өзгеріс енгіздік. Қосымша пункт қостық. Оған сәйкес, ТЖ немесе басқа да шектеу шаралары уақытында білім беру мекемелерінде бекітілген мектеп формасын кимей, таза классикалық киіммен келуге болады. Бірақ, мектеп формасы қала береді, оны ешкім алып тастап отырған жоқ", - деді Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, карантин аяқталған соң ешкім оқушыларды мектеп формасын киіп келуге міндеттемейді.

"Мысалы, биыл бірінші тоқсаннан кейін дәстүрлі форматқа көшетін болсақ, ата-аналарды мектеп формасын сатып алуға ешкім міндеттемейді", - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Айта кетейік, қазақстандық оқушылар қыркүйек айынан бастап қашықтан оқитын болды. Ал бастауышта оқитын оқушылар үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді.

Сонымен қатар, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектеп оқушылары сияқты, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері де қашықтан білім алатынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864900-karantin-aaktalgannan-kejin-mektep-formasyn-kiu-kajta-mindettele-me/

pixel