Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Декреттік демалыстағылар мен студенттер 42 500 теңге ала ма

Опубликовано:

Декреттік демалыста жүрген әйелдер мен оқудан бос уақытында жұмыс істеген студенттерге 42 500 теңге жәрдемақы беріле ме? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осы сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Біржан Нұрымбетов ондай жекелеген санаттардың жоқ екенін атап өтті.

Айтуынша, жәрдемақыны жұмыс істеп, айлада, билік енгізген шектеу шараларына байланысты шілде айында табысынан айырылған адамдар алады. Бұл жалдамалы жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға қатысты.

Министр бейсенбі күні аталған мәселеге байланысты егжей-тегжейлі жауап беруге уәде берді.

Студенттерге байланысты жағдай да солай. Егер олар жоғарыда аталған үш санат бойынша жұмыс істесе, 42 500 теңге жәрдемақыға үміттене алады.

Яғни, студенттер жалдамалы жұмысшы ретінде қызмет етсе, жұмыс беруші олардың атынан өтініш беруі қажет. Ал егер жеке кәсіпкерлікпен айналысса, қызметтері карантин режиміне байланысты шектелгенін растау үшін өздері өтініш беруі тиіс.

Сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған болса, сәйкесінше жүйелі түрде біржолғы төлем төленіп тұруы шарт.

Еске сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге жәрдемақыға өтініштер қашаннан бастап қабылданатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864897-dekrettik-demalystagylar-men-studentter-42-500-tege-ala-ma/

pixel