Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ДДСҰ басшысы: Бізді халықтың тәртібі қатты алаңдатады

Опубликовано:

Егер қазақстандықтар әлеуметтік арақашықтықты және басқа да карантин шараларын сақтаса, қазіргі жағдай мүлдем басқаша болар еді. Көбісі шектеулер алынып тастаған соң, сақтық шараларын ұмытты. Бұл туралы Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Кэролайн Кларинваль мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Ол басты мәселелердің бірі адами ресурстардың жеткіліксіздігі екенін атап өтті. Мәселен медициа қызметкерлері мен зертхана жұмысшылары. Олар да вирус жұқтырып ауырып жатыр.

Сонымен қатар, ДДСҰ басшысының айтуынша, ел азаматтарының барлығы бірдей карантин шараларын, соның ішінде арақашықтықты сақтамайды. Мұндай жағдай әсіресе отбасында көп кездеседі.

"Бізді халықтың тәртібі қатты алаңдатады", – дейді ол.

Кларинвальдің пікірінше, вирус көбіне туыстардың арасында кең таралуда. Аурудың өсіміне де осы себеп болған. Егер адамдар барлық шараларды өз бетінше сақтаса, жағдай мүлдем басқаша болар еді.

Сондай-ақ ол медицина қызметкерлерінің вирус жұқтыруын бастапқыда әлем бойынша эпидемиологиялық бақылауға жіті көңіл бөлінбегенімен байланыстыруда.

Айта кетейік, бұған дейін Кэролайн Кларинваль еліміздегі "белгісіз" пневмонияға қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864864-kazakstandagy-dds-bassysy-bizdi-halykty-trtibi-katty-aladatady/

pixel