Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы бақилық болған Саят Медеуовтің әкесі де өмірден озды

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Саят Медеуовтің отбасында тағы да қайғылы жағдай орын алды. Екі апта бұрын анасынан айырылған өнер иесінің қарт әкесі де өмірден өткен. Қаралы хабарды "Жетісу" телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Саят Медеуов.
Фото: Facebook/Саят Медеуов.: Instagram

Белгілі журналист бұл туралы өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Ол анасын жоқтап үлгермей жатып, әкесінен айырылған Саят Медеуовке қайғыра көңіл айтты.

Желідегі жазбаға сәйкес, әншінің әкесі 80 жасында өмірден озған. Қария өзінің ақырғы тілегін айтып кетіпті.

"Саят бауырымның әкесі Қабыл ақсақал қайтты деген хабар жетті. Алла алдынан жарылқасын. Қаза соңы қайырлы болсын, Сәке! Екі аптада ата мен ананы әкеткен жаманат енді шаңырағыңнан аулақ жүрсін. Ақсақалдың ақырғы сөзі: Ел аман, сендер аман болыңдар, - бопты. 80 жыл ғұмыр кешкен қарттың тілегіне періштелер әумин деп елді шыр айналдырған пәлекет аулақ кетсінші. Қарттың иманы саламат болсын! Бекем бол, Сәке", - деп жазды Серік Әбікенұлы.

Еске сала кетейік, Саят Медеуовтың анасы екінші шілде күні көз жұмды.

Бұл қайғылы хабарды көпшілікке танымал әнші Мейрамбек Бесбаев жеткізген болатын. Ол өнердегі досының қайғысына ортақтасып, өз жұбатуын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1864753-anasy-bakilyk-bolgan-saat-medeuovti-kesi-de-mirden-ozdy/

pixel