Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулікте коронавирустан Бразилияда 631, Үндістанда 500 адам көз жұмды

Опубликовано:

Бразилия мен Үндістанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны күрт өсті. Мәселен, бір тәулікте қауіпті дерттен Бразилияда 631 адам көз жұмса, Үндістанда 500 адам о дүниелік болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Бір тәулікте коронавирустан Бразилияда 631, Үндістанда 500 адам көз жұмды
Көрнекі фото: ferra.ru: Facebook

Бразилияда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясынан 631 адам қайтыс болған. Осылайша, елде коронавирустан көз жұмғандар саны 72 100 адамға жеткен.

Бразилия денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, елде COVID-19 жұқтыру дерегінің жалпы саны 24 831-ден 1 864 681- ге дейін өскен.

Жұқтыру мен қайғылы жағдайлардың ең көп дерегі 46 млн халқы бар Сан-Паулуда тіркелген. Штатта COVID-19 инфекциясынан 17 848 адам қаза тапқан. Қазір коронавирус инфекциясымен 371 977 адам ауырып жатыр, ел бойынша 1 123 204 адам жазылып шыққан.

Бразилия ауру жұқтырғандар мен марқұмдар саны бойынша Латын Америкасында көш бастап тұр, ал әлем бойынша екінші орында. Жақында Бразилия президенті Жаир Болсонарудың коронавирусқа өткен тесті оң нәтиже көрсетті.

Үндістан

Үндістанның денсаулық сақтау министрлігі ақпарынша, елде бір тәулікте COVID-19 инфекциясынан 500 адам қайтыс болған. Коронавирустан қаза тапқандардың жалпы саны 23 174-ға жеткен.

Бүгінде елде ауру жұқтырғандардың тәуліктік өсімі 28 701-ді құрап, 878 245-ке жеткен. Коронавирустан 554 429 адам емделген.

Үндістан әлемде COVID-19 жұқтыру деректері бойынша әлемде үшінші орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864664-bir-tulikte-koronavirustan-braziliada-631-ndistanda-500-adam-kz-zmdy/

pixel