Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дана Нұржігіт: Дерттің қылышына ілінген жан бір жұтым ауаға зәру болып, үзіліп жатыр

Опубликовано:

Қазақ телевизиясында өзіндік орны бар тележүргізуші Дана Нұржігіт қауіпті инфекция салдарынан жақынынан айырылғандардың қайғысына ортақтасты. Ол бүгінде қара жамылған отбасыларға көңіл айтып, бекем болуға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dana_nurzhigit.
Фото: Instagram/dana_nurzhigit.: Facebook

Дана Нұржігіт бүгінде қауіпті дертті жұқтырғандардың басым көпшілігі бір жұтым ауаға зәру болып, өмірден өтіп жатқанын айтты. Журналист бұл ұайғылы жағдайларға қатысты өз өкінішін Instagram желісінде білдірді.

"Қымбатты отандастар,бауырлар!Бүкіл әлемді қапас еткен қауіпті індет біздің елді де қан қақсатты.Дерттің қанды қылышына ілінген жан бір жұтым ауаға зәру болып,үзіліп жатыр.Қаншама отбасы қара жамылды.
Бір күнде бір үйдің бірнеше адамының жаназасы шығарылып,аңырап қалған жақындарын,қаңырап қалған шаңырағын көргенде мына дүниеден баз кешіп кеткің келеді! Қайғыларыңызға ортақпын,ағайын! Қабырғам қайыса көңіл айтамын. Марқұмдардың жатқан жері жайлы,топырағы торқа болсын! Бекем бол,қазақ елі" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар өнер жұлдыздары да індет құрбандарын аза тұтып, олардан әлсіздік танытқандары үшін кешірім сұраған болатын. Олар марқұмдардың жақындарына көңіл айтып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864613-dana-nrzigit-dertti-kylysyna-ilingen-zan-bir-ztym-auaga-zru-bolyp-zilip-zatyr/

pixel