Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аза тұту күні: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 13 шілдеде республиканың барлық өңірінде Құран Хатым дұғасы жасалатынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Еске сала кетсек, коронавирус індетінің құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты 13 шілде – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Осыған орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республикалық, облыстық мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 Құран Хатым оқылуда.

"13 шілде күні елорда уақытымен сағат 13:00-де осы күндері қариларымыз оқып жатқан Құран Хатымның дұғасы жасалады", - делінген хабарламада.

Бас мүфтидің қатысуымен "Әзірет Сұлтан" мешітінде жасалатын Құран Хатым дұғасына діни басқарманың Instagram-дағы ресми парақшасы мен YouTube каналы арқылы онлайн қосылуға болады.

ҚМДБ барша мұсылман қауымын осы күндері шама келгенше Құран оқып, Алланы зікір етіп, кешірім тілеп және Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеп салауат айтып, республика имамдарымен, қариларымен 13 шілде күні бір мезетте ел амандығы үшін дұға жасауға шақырды.

Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті инфекция салдарынан 375 науқас көз жұмды, Соңғы бес тәулікте вирус 111 адамның өмірін жалмағаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864603-aza-ttu-kni-kazakstan-msylmandary-dini-baskarmasy-mlimdeme-zasady/

pixel