Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түрі көрінбейді": Сарыағашта тұрмыстағы келіншекпен көңіл қосқан жігіт өлім құшты

Опубликовано:

Түркістан облысының тұрғыны Болат Баймұрзаев жергілікті тәртіп сақшыларының жұмысына көңілі толмайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, 27 жастағы інісі Әуезханды көз алдында өлімші етіп сабаған қылмыскерлер әлі күнге жазасын алмай жүр. Ер адам ішкі істер министрлігі мен бас прокурордан көмек сұрайды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков
Көрнекі фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков: Instagram
"Сол жердің жергілікті авторитеттерінің бәрі қосылып, Әуезханның аяғын байлап, дәрменсіз жатқан жерінен оны аямастан соққыға жықты", - деді марқұмның ағасы.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай осы жылы мамыр айында орын алған.

Шағымданушы інісі тұрмыстағы келіншекпен байланыста болғанын жасырмады. Бұны қыздың әкесі біліп қалып, жергілікті қылмыс әлемінің серкелерін шақыртқан көрінеді.

Осылайша, Әуезхан соққыға жығылып, соның салдарынан жәбірленуші ауруханада төрт күн ес-түссіз жатып көз жұмыпты.  

"Барған кезімде бетін қан жуып кеткені соншалықты, түрі көрінбеді. Бірақ есін біліп жатты. Көз алдымда ұрды. Олар алты адам болды. Оған ешқандай көмек бере алмадым", - деді марқұмның ағасы.

Полицияның мәліметінше, төбелеске қатысы бар екі күдікті қолға түскен. Қалған төртеуі куәгерге айналыпты.

Болат Баймұрзаев інісімен байланыста болған келіншек пен оның әкесін де жауапқа тарту керек, деп отыр.

"Сарыағаш қаласының полиция қызметкерлері бұл істі бұрмалап жатыр. Інімнің сол жақ иығында пышақ ізі болды. Сараптамада олардың ешқайсысы көрсетілмеген", - дейді ол.

Полиция департаменті бұл істің жіті қаралып жатқанын мәлімдеді. Ведомство дерегінше, "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру", "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ал Болат Баймұрзаевқа марқұмның өліміне себепші болған бұзақылар қысым көрсетіп жатқан көрінеді.  

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов мырза, Сіздерден осы қылмыстық істі қадағалауды сұраймын. Себебі Сарыағаш қаласының ішкі істер қызметкерлері бізді қорғап ала алған жоқ. Мына істі әділ жүргізбеді. Қазір өз өміріме алаңдаймын", - деп үндеу жасады арызданушы.

Автор: А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864494-tri-krinbejdi-saryagasta-trmystagy-kelinsekpen-kil-koskan-zigit-lim-ksty/

pixel